«Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 6 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1508 қаулысымен
бекітілген
«Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік
тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) көрсетеді.
Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көш., 8-үй, 14-кіреберіс.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 651-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Министрліктің www.mci.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады немесе 8 (7172) 74-06-85 телефоны бойынша беріледі.
5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі компьютер жүйесін Салық кодексінде көзделген бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды не бас тарту себептері туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап беру болып табылады.